Министр Чавушоғлу ағылшын әріптесі Филип Хэммондқа телефон шалды

Әңгіме барысында Сириядағы соңғы жаңалықтар қолға алынды.

484489
Министр Чавушоғлу ағылшын әріптесі Филип Хэммондқа телефон шалды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Филип Хэммондпен Сирия мәселесін телефонда сөйлесті.

Дипломатиялық көздерге қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу және Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Филип Хэммонд телефонмен әңгімелесті. Әңгіме барысында Сириядағы соңғы жағдай қолға алынды.

Тараптар Сириядағы жаңалықтарға қоса, жақын уақытта бұл елге қатысты өтетін жиналыстың күнтізбесін де қолға алды.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу апта ішінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри және Франция Сыртқы істер министрі Джан-Марк Айраултпен телефонда әңгімелескен болатын.

Әңгіме барысында Сириядағы соңғы жаңалықтар мен әсіресе Халебте жазықсыз адамдарға бағытталған шабуылдар күн тәртіпке келген еді.



Ұқсас жаңалықтар