Түркия Катарда әскери база құрады

Маңызды келісімге премьер-министр Ахмет Давутоғлуның ресми сапары барысында қол қойылды.

480717
Түркия Катарда әскери база құрады

Маңызды келісімге премьер-министр Ахмет Давутоғлуның ресми сапары барысында қол қойылды.

Түркияның достарын жалғыз қалдырмайтынына назар аударған премьер-министр Давутоғлу Катардың Түркияға деген сеніміне алғыс білдірді.

Келісім Таяу Шығыстың қазіргі жағдайы назарға алынғанда, өте маңызды. Халықаралық терроризммен күрес, ортақ қауіпсіздік және аймақ елдеріндегі саяси белгісіздіктер әскери базаның маңызын одан да арттыра түседі. Катардағы көп мақсатты әскери база толық әлеуетіне жеткен кезде мыңнан астам түрік әскері қызмет ететін болады. Базаға әуе және теңіз элементтерімен қоса арнайы жасақтарға қарасты топтар мен жаттықтырушы офицерлер келеді.

Катардағы база көбіне әскери дайындық және ортақ жаттығулар үшін қолданылады.

Осы арада премьер-министр Давутоғлу Катардағы байланыстары аясында осы елде орналасқан Түрік әскери жасағына барғаннан кейін Катар Университетінде конференция берді.

Бір мезгілден бері Катарда тұратын ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Халид Мешалмен де бас қосқан Давутоғлу артынан Сирия оппозициясы келіссөз делегациясының төрағасы Риад Хиджабпен де кездесті.

Катардағы екі күндік сапарын аяқтаған премьер-министр Анкараға оралды.



Ұқсас жаңалықтар