Түркия ДАИШ нысаналарын бомбалады

Түркия зеңбірек шабуылымен Сирия жерінде ДАИШ-ке тиесілі зымыран құрылғысын жойды.

477424
Түркия ДАИШ нысаналарын бомбалады

Түрік артиллериясы террор ұйымы ДАИШ-тің Сирия тарапындағы зымыран құрылғысын «Фыртына» атты зеңбіректерімен жойды, 8 террорист қаза тапты.

Қауіпсіздік көздеріне қарағанда оперативті ұшқышсыз ұшақтар Сирия тарапында Килиске 21, шекараға 6 шақырым қашықтықтағы Халебтің солтүстігі Джаккада қоныстанған ДАИШ-ке тиесілі зымыран құрылғысын анықтады.

Түркияға бағытталған зымыран құрылғысында бір зымыранның атуға дайындалғаны байқалды.

Оперативті ұшқышсыз ұшақтар белгілеген жерді «Фыртына» атты зеңбіректермен атқылады.

Зеңбірек шабуылының артынан ұшқышсыз ұшақтар анықталған зымыран құрылғысының жойылғаны және 8 террористтің өлтірілгені белгіленді.

Түркия заңды қорғаныс құқын пайдаланып, ДАИШ террор ұйымының Сириядағы нысаналарына құрлықтан жасаған шабуылдарында қазірге дейін 370 террористті өлтірді.



Ұқсас жаңалықтар