"ПКК мені ор қазып баррикада құру үшін күштеп осында ұстады"

Операция барысында ұсталған террорист ПКК-ның балаларымен өзін қорқытқанын айтты.

474526
"ПКК мені ор қазып баррикада құру үшін күштеп осында ұстады"

Мардиннің Нусайбин ауданында ПКК террор ұйымына бағытталған операция аясында ұсталған террористтердің бірі ұйымға қосылғаны үшін өкінгенін түсіндірді.

Операцияларда өлтірілген 18 террористпен бірге қашуға тырысқан кезде ұсталған террорист қауіпсіздік күштеріне берген түсініктемесінде бөлшектеуші террор ұйымының өзін балаларымен қорқытқанын білдірді.

Негізінде керамика маманы екенін атап көрсеткен террорист «Мен балаларыма қарамағанда оларды кім асырайды? Осы себепті ПКК мені ор қазып баррикада құру үшін күштеп осында ұстады​. Мақсаттары сол жерде мемлекет құрып, автономия жариялау еді. Маған сөйтіп айтты» деді.

Ұсталған террорист ұйымға орлар қазып, баррикадалар құрғанын атап «Олардың мақсаты Түрік қарулы күштерін аймақтан шығару болатын. Осы жерден бүкіл халыққа үн қатамын. Ешқашан террордың жәбіріне ұшырамаңдар. Қателеспеңдер. Мен мұндай бір қателік жасадым, өкінемін. Сіздер бұл қателіктерге түспеңдер және көнбеңдер. Мемлекетке сеніңдер, мемлекетті тастамаңдар» деді.



Ұқсас жаңалықтар