Сыртқы істер министрлігі растамады

Түркия Түрік Қарулы күштерінің ДАИШ-тен қашқан сириялықтарға оқ атқаны жөніндегі хабарларды растамады.

473353
Сыртқы істер министрлігі растамады

Түркия Түрік Қарулы күштерінің Түркияның оңтүстік шекарасында террор ұйымы ДАИШ-тен қашқан сириялықтарға оқ атқаны жөніндегі хабарларды растамады.

Сыртқы істер министрлігі кейбір халықаралық баспасөз органдарында жарияланған осындай хабарлардың шындыққа жатпайтынын білдірді.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Танжу Билгич тақырыпқа орай жазбаша мәлімдеме жариялады. Түркияның Сириядағы қантөгістен қашқан шамамен 3 миллион азаматқа ешік ашқанын еске салды.

Мәлімдемеде: «Өткен апта Сирияның солтүстігінде ДАИШ шабуылдары нәтижесінде мыңдаған сириялық қайтадан елдерінен көшті. Еліміздің көмек ұйымдары соңғы оқиғалар кезінде де сириялықтарға көмек үшін қажетті шараларды шекараның екі жағында да қолдануда» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар