Түркия стипендиясында рекорд
Түркия Стипендиясына 2016 жылы рекорд деңгейде өтініш қабылданды.
Дүние жүзінің түкпір-түкпірінен мыңдаған талапкерге Түркияда оқу мүмкіндігін беретін Түркия Стипендиясына 2016 жылы рекорд деңгейде өтініш қабылданды.
Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы Түркия стипендияларына биыл 175 елден 110 мың 966 өтініш қабылдаса, мұның 92 мың 781-і бағаландыруға алынды.
Түркия стипендиясына ең көп Ауғанстан, Йемен және Мысырдан өтініш келді.
Түркия стипендиясының бакалавр деңгейіне 55 мың 517, магистр деңгейіне 41 мың 354, докторантура деңгейіне 14 мың 95 өтініш келді.
Жаз айларында Сирия азаматтары да өтініш беретін болса, бұл сан 100 мыңнан асады.
Осылардың арасынан 5 мың талапкерге стипендия беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Түркиялықтар Палестина үшін шеру жасайды
Түркия бойынша 6 қазан жексенбі күні Палестинаға қолдау көрсету үшін шеру өткізіледі.
«Түрік Мемлекеттері Ұйымы ̶ халықаралық жүйенің жаңа синергия орталығы»
Президент Ердоған Түрік мемлекеттері ынтымақтастығы күнімен құттықтады.