Израиль мен Түркия делегациясы Лондонда бас қосты

Екі ел арасында бұзылған ынтымақтастықты қайтадан қалпына келтіру келіссөздерінде болымды қадамдар басылды.

467185
Израиль мен Түркия делегациясы Лондонда бас қосты

Түркия мен Израиль ынтымақтастығының қалпына келтіру үшін жүргізілген келіссөздерде болымды қадамдар басылды.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде министрлік кеңесшісі Феридун Синирлиоғлу және Израиль премьер-министрінің арнайы өкілі Йосеф Чиечханновер мен Израиль Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төраға орынбасары Якоб Нэгел басшылығындағы Түркия мен Израиль делегацияларының Ұлыбританияның астанасы Лондонда бас қосқаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде тараптардың келіссөз мәтінінде жаңа қадам басқаны және келісімнің жақын келешекте өткізілетін бір жиналыста бекітілетінін атап көрсетті.

Мави Мармара атты кеме шабуылының артынан бұзылған Түркия-Израиль қарым-қатынастарын қайтадан қалпына келтіру мақсатты басталған келіссөздер аясында алдымен 10 ақпан күні Швейцарияның Женева қаласында бас қосқан тараптар құн ақы тақырыбынан басқа мәселелерде келісімге келе алмаған болатын.

2010 жылы 31 мамыр күні Газаға жәрдем апару мақсатты жолға шыққан және Израиль әскерлерінің шабуылына ұшыраған Мави Мармара атты кемеде 9 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар