Босқын келісімі күшіне енді

Осы аяда Грекияның Лесбос аралынан 131 босқын екі қайықпен жеткізілді.

464044
Босқын келісімі күшіне енді

ЕО мен Түркия арасында босқын дағдарысына тамырлы шешім келтіретін келісім бүгін күшіне енеді.

Келісімге орай Түркия жағалауларынан жолға шығып, грек аралдарына заңсыз жеткен босқындар Түркияға қайта қайтарылады.

Алғашқы сатыда шамамен 500 босқын Грекияның Лесбос аралынан Измирдің Дикили ауданына жіберіледі.

Түркияға жолданатын азаматтар Ауғанстан, Пәкістан және паналау құқығы берілмеген Сирия азаматтары болады.

Осы аяда Грекияның Лесбос аралынан 131 босқын екі қайықпен жеткізілді.

Босқындар медициналық бақылаудан өткізіліп, тіркеуге алынғаннан кейін басқа қалаларға жолданады.

Осыған орай ЕО да Түркияға жіберілген әрбір сириялық босқын үшін Түркиядан бір сириялық босқынды қабылдайтын болатын.



Ұқсас жаңалықтар