Эмине Ердоған сириялықтар үшін АҚШ-тан шақыру тастады

Эмине Ердоған Саясат, Экономика және Қоғамдық зерттеулер қорының конференциясына қатысты.

461769
Эмине Ердоған сириялықтар үшін АҚШ-тан шақыру тастады

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған Вашингтоннан сириялық босқындар үшін «халықаралық қозғалыс» шақыруы тастады.

Саясат, Экономика және Қоғамдық зерттеулер қорының (СЕТА) сириялық босқын дағдарысы конференциясында баяндама жасаған Ердоған Обаманың «Көшпенділік - Американың ортаға шығу хикаясы» сөзіне сілтеме жасап, «Ластанған саясаттың кілтін ашатын жалғыз нәрсе - ұждандар» деді.

Сириядағы оқиғаларды «гуманитарлық дағдарыс» деп бағалаған Эмине Ердоған «Бір залымның зұлымдығынан қашқан миллиондаған адам мына үлкен әлемде мейірімділіктің қайда екенін таба алмады» деді.

Эмине Ердоған Түркияның ашық есік саясатын түсіндіріп, «Біз үшін олар босқын емес, қонақ» деді және батыстық елдерді ұждандарын қозғауға шақырды.

Эмине Ердоғанның күн тәртібінде террор да орын алды.

Қауіптің халықаралық тұғырына назар аударған Эмине Ердоған Вашингтоннан бүкіл әлемге үн қатты.

«Біз үшін Мадридте, Лондонда, Парижде және Брюссельдегі террор шабуылдарының Стамбұл мен Анкарадағы шабуылдардан айырмашылығы жоқ. Кімнен келсе келсін, террордың қайнар көзі бірдей. Бұл шабуылдарды жасағандар адам секілді көрінетін, бірақ түнекке батқан рухтар» деді.



Ұқсас жаңалықтар