Германияда түріктердің азаматтық қоғам басшысына шабуыл

Германияда UETD Гамбург филиал басшысы Мухтерем Гүнгөрдің жеке көлігіне Молотов коктейлі лақтырылды.

460989
Германияда түріктердің азаматтық қоғам басшысына шабуыл

Германияда Еуропадағы түрік демократтар одағының (UETD) Гамбург филиалы басшысы Мухтерем Гүнгөрдің жеке көлігіне Молотов коктейльімен шабуыл жасалды.

Гүнгөр шабуыл кезінде көлікте болмағаны себепті аман қалды.

Мухтерем Гүнгөр жарылысты есте салып, үйінен сыртқа шыққанын және бетін маскамен жамылған 3 адамды қашып жатқан кезде көргенін мәлімдеді.

Шабуылмен байланысты қауіпсіздік камераларының таспасын полицияға тапсырғанын атап көрсеткен Гүнгөр Гамбург прокуратурасының оқиғаны жан-жақты зерттегенін білдірді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса, ресми интернет парақшасынан оқиғамен байланысты мәлімдеме жасады. Чавушоғлу соңғы кездері Германияда Еуропадағы түрік демократтар одағы филиалдары мен мүшелеріне қарсы террор шабуылдарын уайыммен қадағалағандарын атап, неміс органдарын бұл шабуылдарға қарсы қажетті шараларды қабылдауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар