Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады

Ибрахим Калын 120 елден 37 мың адамға жуық шетелдіктің елге кіруіне тыйым салынғанын білдірді.

459865
Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Түркияның қазірге дейін 120-дан астам елден шамамен 37 мыңға жуық шетелдіктің елге кіруіне тыйым салынғанын атап, «Түркия осында жауапкершілігін тұрақты және ауқымды түрде орындауда» деді.

Ибрахим Калын президенттік сарайда өткізген баспасөз жиналысында күн тәртібін бағалады.

«Әлемдегі барлық достарымызға террормен байланысты әртүрлі ынтымақтастыққа дайын екенімізді жеткіземіз» деген Ибрахим Калын ДАИШ-ті күшейткен ең маңызды ортаның Сириядағы соғыстың жалғасуы екенін атап көрсетті.

«Сирияда шамамен 5 жылдан бері жалғасқан соғыс жазықсыз адамдарды қыруда. Сирия соғысы жалғасқан сайын террор ұйымдарының өздеріне қозғалу алаңы табуы және тарауы жалғасады» деген Калын Сирия мәселесі шешілмейінше нақты нәтижеге қол жеткізіле алмайтынын атап айтты.

Брюссель шабуылының артынан мұсылмандыққа қарсы сезімдерді асқындыру, саясат құралына айналдыру және исламофобиялық сөйлемдерге қарқын беру сияқты қателіктер жіберілгенін айтқан Калын мұндай сөздердің тек қана ДАИШ пен Әл-каида сияқты радикал террор ұйымдарының күшін арттыратынын оларға жағдай жасайтынын атап көрсетті.

Пәкістандағы террор шабуылын қатаң түрде айыптағанын мәлімдеген Калын «Мұсылман, христиан, сүннит, шиіт немесе кезкелген этникалық, діни қауым болсын адамдарды мұндай қыру ешқандай қабылданбайды. Мұны дін атынан, ислам атынан жасайтын болса мынаны барша білу керек. Мұның не біздің дініміз, не нанымымыз, не болмаса мәдениетімізбен байланысы жоқ. Бұл тек қана жауыздық, одан басқа нәрсе емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар