Анкарадағы шабуылды ПКК террор ұйымы мойындады

Анкарада 37 адам қаза тапқан террор шабуылының артынан 14 күдікті тергеуге алынған болатын.

452658
Анкарадағы шабуылды ПКК террор ұйымы мойындады

Анкарада 37 адам қаза тапқан террор шабуылының артынан тергеуге алынған 14 күдіктінің төртеуі еркін жіберілді.

Еркін жіберілген 4 күдіктінің жанкешті қолданған автокөлікті сатқан соң Шанлыурфада тергеуге алынғандар екені атап көрсетілді.

10 күдіктінің Анкара полиция басқармасы террормен күрес дирекциясындағы тергеу жұмыстары жалғасуда.

Басқа жағынан опасыз шабуылды ПКК террор ұйымы мойындады.

Полиция берген мағлұматқа қарағанда, ПКК-ның тармағы ТАК жанкештінің «Доға Жиян» лақапты Сехер Чағла Демир екенін де мойындады.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу болса Анкарадағы террор шабуылы жасалған Кызылай алаңына барды.

Оқиға орнына қалампыр тастаған премьер-министрдің қаза тапқандарды үнсіз еске алу зияратына жұбайы Саре Давутоғлу мен Анкарадағы депутаттарда қатысты.



Ұқсас жаңалықтар