Брюссельде жалғасып жатқан Еуроодақ-Түркия саммиті созылды

Кешкі уақытта Анкараға оралуды жоспарлаған Даутоғлу бағдарламасын өзгертті.

446176
Брюссельде жалғасып жатқан Еуроодақ-Түркия саммиті созылды

Кешкі уақытта Анкараға оралуы күтілген премьер-министр Ахмет Давутоғлу да созылған саммит аясында бағдарламасын өзгертті.

Келіссөз үстелінде ауыр тақырыптар қолға алынған саммитте Анкара босқын жүгін жалғыз көтермейтінін Еуроодақ басшыларына жеткізді.

Саммиттің Түркияның Еуроодақ мүшелік кезеңінде жаңа бір кезең болуын үміт еткенін атап айтқан Давутоғлу Еуропаның Түркия, Түркияның болса Еуропа үшін маңызды екеніне назар аударды.

Рейтер агенттігіне сұхбат берген Давутоғлу бір түрік дипломаттың босқын жүгін Түркияның жалғыз көтеруін күтпеу керектігіне назар аударып жатқанда, «Эгей теңізіне қабырға соға алмайтын шығармыз» деді.

Азанғы уақытта премьер-министр Ахмет Давутоғлумен бас қосқан Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас Еуроодақтың босқындарды бөлісу кезеңін жылдамдатуға шақыру тастады. Ципрас «Еуропада біздің кейбір құндылықтарымыз, принциптеріміз бар. Осылардың бірі де жүкті бөлісу жауапкершілігі. Барша ортақ шешімге бағынуға тиісті» деді.

Еуроодақ кезекті төрағасы Голландия премьер-министрі Марк Рютте болса «Келіссөздердің болымды аяқталатыны жайлы жақсы көзқарасқа иемін» деді.

Брюссельдегі саммитте бас қосқан Еуроодақ басшылары Түркиямен келісіп босқын ағымын тоқтату, босқындардың Түркияда қалуын қамтамасыз ету, теңіз жолымен келімсектердің Еуропаға өтуінің алдын алу, Грекиядағы босқындардың баспана мәселесін шешу үшін қаржы бөлу сияқты маңызды тақырыптарды талқылауда.



Ұқсас жаңалықтар