Нигериямен ынтымақтастық хаттамаларына қол қойылды

Түркия мен Нигерия арасында сауда және экономика мен өнеркәсіп салаларында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

443557
Нигериямен ынтымақтастық хаттамаларына қол қойылды

Түркия мен Нигерия арасында сауда және экономика мен өнеркәсіп салаларында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Африка сапары аясында Нигерия президенті Мұхаммед Бухаримен оңаша және делегация аралық кездесулер өткізді.

Артынан екі ел арасындағы келісімдер үшін президенттік сарайда рәсімдер болды.

Қол қою рәсімінен кейін Ердоған мен Бухари баспасөз өкілдерінің алдына шықты.

Президент Ердоған осында сөйлеген сөзінде президенттік міндетіне келгелі Нигерияға бірінші рет ресми сапармен келгеніне қуанышын білдірді.

Нигерияның стратегиялық серік ретінде қабылданған ел екенін атап көрсеткен Ердоған: «Екі жақты байланыстар, аймақтық және жаһандық оқиғаларды талқылауға мүмкіндігіміз болды. Келісімдер мен хаттамалар екі елдің қатынастарын жетілдіретін құжаттар болады» деді.

Артынан журналистердің сұрақтарына жауап берген Ердоған Нигерия мен Түркияның көптеген ұқсастықтары бар екенін айтты. Әсіресе саяси, әскери, экономикалық, сауда, мәдени салаларда министрлердің бірігіп жұмыстанатынын атап көрсеткен президент «Президенттер бір жыл Түркия, бір жыл Нигерияда кездесу өткізеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар