Түркия зымияндық әрекеттерге рұқсат бермейді

Давутоғлұ «Жаңа Түркия Жолында» атты баяндама жасады

441842
Түркия зымияндық әрекеттерге  рұқсат бермейді

Премьер-министр Ахмет Давутоғлұ Түркияға қарсы ойналған ойындардың жарыққа шыққанын және мемлекетті нысанаға алған еш зымияндық әрекеттерге рұқсат бермейтінін айтты.

Давутоғлұ «Жаңа Түркия Жолында» атты баяндамасында Сирия баста болып террормен күрес және жаңа атазаң жұмыстарына тоқталды.

Давутоғлұ Сириядағы оқиғаларды меңзеп, «Ресей, Сирия режимі, ПКК және YPG қоян-қолтық қою араласып кетті. Олар Түркияның оңтүстік шекарасында бір террор жүйесін құрғысы келеді» деді.

Сирия тақырыбында халықаралық қауымға ескерту жасаған Давутоғлұ «Халықаралық қауым баста Америка Құрама Штаттары мен Ресей әкімшілігі болып, енді шын ниетті әрекет жасаулары керек. Шындықтарды көрулері керек» деді.

Давутоғлұ «Мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігі, барлық мүдделері, ортақ армандары өте маңызды. Осы тақырыптарда ешбір ойындарға рұқсат бермейміз» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар