Түркиядан әскери бастамалар

Түркия Сомалиге әскери білім саласында көмектеседі. Катарға әскери база салады.

441343
Түркиядан әскери бастамалар

Түркия Сомалиге әскери білім саласында көмектеседі. Катарға әскери база салады.

Соңғы жылдары экономикасы мен қорғаныс өнеркәсібін жылдам дамытқан Түркия түрлі елдерде терроризмге қарсы стратегиялық әскери қадамдар басуда.

Қазірге дейін Албания, Әзірбайжан, Иракта әскери білім берген Түркия осы аяға Сомалиді де қосты.

Террор ұйымдары PKK, PYD, ДАИШ, Еш –Шебап және Әл Кайдамен күресін жалғастырған Түркияға әскери білім беру және база құру үшін шетелдерден сұраныс та келуде.

Могадишо үкіметінің сұранысына орай Түркия білім беретін Сомали қауіпсіздік күштері 2013 жылы Түркияның Могадишо өкілетті елшілігіне бомбалы шабуыл жасаған террор ұйымы Еш-Шебапқа қарсы күреседі.

БҰҰ 2011 жылы Сомалиді «құрғақшылық аймағы» деп жариялағаннан кейін сол кездің премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның осы елге сапарлай баруы әлем тарихына жазылған еді.

Осы сапармен басталған үдеріс Сомалиде федерал үкімет құрылуына көмектесті, Түркия халықаралық конференциялар арқылы Сомалидің даусын әлемге естіртті.

Түркия Катарда болса Таяу Шығыстағы көп мақсатты тұңғыш әскери базасын құруға дайындалуда.

Базада бірнеше мың әскермен қоса, әуе және теңіз жасақтары, оқытушылар және арнайы қозғалыс жасақтары болады.

Аталмыш база көбіне білім және ортақ жаттығу үшін қолданылады.

Түркия осылайша АҚШ, Франция,Ұлыбритания және Жапониядан кейін Африкада әскери базасы болатын бесінші ел болады.



Ұқсас жаңалықтар