Түркия адам баласының абыройын қорғады

Түркия 30 жылдан бері террор ұйымымен күресіп келеді.

437822
Түркия адам баласының абыройын қорғады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Сирия мәселесіндегі тұғырымен адам баласының абыройын қорғағанын айтты.

Ердоған ішкі соғыстың 5-ші жылына кіргенде Сирияның бүгін террор импорт еткен бір елге айналғанын түсіндіріп, осы мемлекеттегі былықпаның ДАИШ, Эл-Нусра, , PYD, YPG сынды террор ұйымдары үшін үлкейіп қанат жаюына мүмкіндік жасағанын меңзеді.

Сомали 6-ші Жоғарғы Деңгейдегі Ортақтық Форумының Стамбулда ұйымдастырылған ашылуында баяндама жасаған Ердоған «Біз Түркия болып 30 жылдан бері мемлекетімізде бөлшектеуші террор ұйымымен күрес жүргізіп келеміз. Біздің көзқарасымыз бойынша террор ұйымдары арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Эш-Шебаб пен ДАИШ немесе Эл-Нусра және PKK, PYD, YPG арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Бәрі бірдей» деді.

Сирия ішкі соғысы кесірінен осы таңға дейін 400 мыңнан астам адамның қаза тапқанын, 12 миллион адамның ата мекенін тастап кеткенін білдірген Президент Түркияның дініне, тіліне, этникалық куәлігіне қарамай-ақ 3 миллионнан астам келімсекке үй иелігін жасағанын еске салды.

Соңғы кезеңде режим және қолдаушы елдердің Халеб және Түрікмен аймағы баста болып Сирияның солтүстігіндегі әуе шабуылын көбейткеніне назар аударған Президент тек соңғы 10 күнде көбі бала 600 бейуаз адамның қаза тапқанын айтты.

Президент Ердоған осы қақтығыс ортасынан ең көп Түркияның зиян шеккенін, сондай-ақ Түркияның шекарасында жаңа бір келімсек толқыны күтіп тұрғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар