Қылмыстылар ПКК мен PYD

Ердоған шабуыл қылмыстыларының ПКК және PYD екенін айтты.

435133
Қылмыстылар ПКК мен PYD

Президент Режеп Тайып Ердоған Анкараны қанға бояған опасыз шабуыл қылмыстыларының ПКК және PYD екенін айтты.

Ердоған кешегі террор шабуылы себепті Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Хулуси Акарға көңіл айтты.

Президент оқиғамен байланысты қазірге дейін 14 адамның бақылау астына алынғанын білдіріп, «Осы оқиғаның шетелде және мемлекет ішінде жалғасы болғаны себепті» бақылау астына алатындар санының артуы мүмкіндігін баяндады.

Ердоған «Сирияның солтүстігіндегі PYD және YPG-нің ПКК арасындағы байланысының қаншама күшті болғанын айтқан жағдайда сендіре алмаған достарымыз осы оқиғадан кейін ойланған болса керек. Біз дәлелдер арқылы айттық. Біздің айтқандарымызға өкінішке орай құлақ аспады. Жауапкершілік иесі болған әріптестеріміз бұны қабылдамауы мүмкін. Бірақ әлемдегі халықтар мен ұлттар біздің дұрыстығымызды қабылдайды» деді.

Премьер-министр Премьер-министр Ахмет Давутоғлұ болса «Одақтасымыз қолдау көрсеткен YPG 28 жанды алды» деп, астана Анкарадағы террор шабуыл қылмыстының Сирияда дүниеге келген Салих Нежжар атты мүше екенін жариялады.

Давутоғлұ «Қазір оқиғаның қылмыстылары жарыққа шығарылуда. Осы шабуылды Түркия ішіндегі бөлшектеуші террор ұйымы мүшелері және YPG мүшесі бір адамның бірге жасағаны жарыққа шақты. Осы адам ПКК және YPG мүшесі. Шабуылдың YPG байланыс орны паш етілді. Бұл адам 1992 Сирияда дүниеге келген Салих Нежжар атты адам» деді.

Премьер-министр Давутоғлұ да террор шабуылы себепті көңіл айту үшін Бас штаб басқармасына барды. Бұл жерде жасаған мәлімдемесінде YPG-нің Сирия режимінің қанды қолы екенін білдіріп, «Осы шабуылды Сирия режимін жауапкершілік ретінде көрудеміз. Сирия режиміне қарсы әртүрлі шаралар қолдану құқығымыз бар» деді.

Астана Анкарада кеше кеште опасыз террор шабуылына тағы бір мәрте душар болды. Әскери көлікті нысанаға алған қанішерлер 28 адамның жанын алды.

Шабуыл бұл рет Бас штаб басқармасы, теңіз, әуе және құрлық күштері басқармасы, әскери тұрғын үйлері, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі ғимараты және Ішкі істер министрлігіне 200 метр қашықтықта болды.

Әскери қызметкерлерді тасымалдаған көліктер қызыл шырақта күтір тұрған кезде тез қарқынмен іштеріне кірген бомба тиелген көлік жанкешті шабуыл жасады.

Жарылыстан кейін оқиға болған жерге жедел жәрдем көліктері, жедел құтқару көліктері үлгірді. Ұлттық барлау ұйымы қызметкері, полиция және қауіпсіздік күштері де оқиға жеріне барды.

Жарылыстың кесірінен екі көлік өртенді. Үкімет мәлімдемешісі Нуман Куртулмуш жарылыста 28 адамның қаза тапқанын, 61 адамның жарақат алғанын жариялады.

Бас штаб басқармасы шабуылда жараланған 61 адамның 30-нің ауруханадан шыққанын, 31 жарақаттың 8-нің Әскери ауруханада және 23 адамның болса мемлекеттік ауруханада емделіп жатқанын жариялады.

Опасыз шабуылға орай Президент Режеп Тайып Ердоған Әзірбайжанға бүгін аттану жоспарын күшінен қалдырды. Премьер-министр Ахмет Давутоғлұ да кеше кеште Еуропа Одағы саммиті үшін Бельгияға барудан бас тартты.



Ұқсас жаңалықтар