Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грузияда

Мевлүт Чавушоғлу Түркия-Әзірбайжан-Грузия сыртқы істер министрлері үштік жиналысына қатысады.

434360
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грузияда

Министр Чавушоғлу грузин әріптесі Михейл Джаналидземен бас қосты.

Грузия премьер-министрі және президенті тарапынан да қабылданатын Чавушоғлуның күн тәртібінде екі жақты ынтымақтастық жетілдіру, энергия, қатынас және сауда тақырыптары да орын алады.

Екі ел арасында энергия саласында ТАНАП, қатынас саласында болса Баку-Тбилиси-Карс темір жолы желісі сияқты маңызды жобалар іске асырылуда.

Чавушоғлу бұл аяда бейсенбі күні президент Ердоғанның Әзірбайжанның астанасы Бакуде жүзеге асатын жұмыс сапарына да қатысады.

Мевлүт Чавушоғлу жұма күні болса Тбилисиде Түркия-Әзірбайжан-Грузия үштік сыртқы істер министрлері жиналысына қатысады.



Ұқсас жаңалықтар