Еуроодақ министрі Бозкыр ТҰҰМ сұрақтарға жауап қайтарды

Еуроодақ министрі және бас келіссөз жүргізуші Волкан Бозкыр босқын көшімен байланысты батысқа алдын ала ескерту жасағанын атап айтты.

432339
Еуроодақ министрі Бозкыр ТҰҰМ сұрақтарға жауап қайтарды

Бозкыр Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) жоспарлау және бюджет комиссиясында Еуроодақ министрлігі мен қарасты мекемелердің 2016 жылы бюджетімен байланысты баяндамасының артынан депутаттардың сұрақтарына жауап қайтарды.

Босқын дағдарысымен байланысты Түркияның тарихта мұқтаж адамдарға есік ашқанын атап айтқан Бозкыр «Еуроодақ елдеріне бұл көш толқыны бір цунами сияқты келе жатыр дедік. Біз өз жауапкершілігімізді орындаймыз. Дегенмен бұл салмақты тек қана Түркия көтере алмайтын бір мәселеге айналуда. Заңсыз көштер сіздерге де ұласады» деп Еуроодаққа ескерту жасағандарын атап көрсетті.

Бозкыр Еуроодақтың Түркияның шілде айында жасаған ескертулерін қазан айында көш толқынымен бетпе-бет қалған соң түсінгендерін атап, батыстың алаңдай бастағанын білдірді.

Бозкыр босқын мәселесінің Түркияның өзін Еуроодақ жанұясының бір мүшесі ретінде сезінген жағдайда шешіле алатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар