Бас Штаб Басқармасы Жизреде 31 террористтің мәйітін тапты

Жизреде 6 бөлек ғимаратта алдында жүргізілген операцияларда өлтірілген 31 террористтің мәйіті табылды.

432379
Бас Штаб Басқармасы Жизреде 31 террористтің мәйітін тапты

Шығыс және Оңтүстік шығыс Анадолу аймағында террормен күрес аясындағы операциялармен іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Бас Штаб Басқармасы операцияларға қатысты соңғы мағлұматтарды интернет парақшасында жариялады.

Мәлімдемеге қарағанда іздестіру жұмыстары жалғасқан Шырнактың Жизре ауданында қауіпсіздік күштеріне бір үйден оқ атылды.

Шыққан қақтығыста 3 террорист өлтірілді. Жаңа Жизреде болса 2 террористтің ұсталғаны білдірілді.

Сондай-ақ іздеу жұмыстары аясында 6 бөлек ғимаратта алдында жүргізілген операцияларда өлтірілген 31 террористтің мәйіті табылды.

Диярбакырдың Сур ауданында болса операциялар жалғасуда.

Сурдағы операцияларда 6 террорист өлтірілді, бір мылтық пен бір магазин табылды.

Операциялар барысында 6 дана қолдан жасалған бомба жойылды.

Мардинде қолдан жасалған бомба дайындап жатқан бір террорист жарылғыш материалдарымен ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар