Түркия келіссөздерге террор ұйымының шақырылуына қарсы

Женеваға ПЙД террор ұйымы шақырылған жағдайда Түркия келіссөздерді бойкот етеді.

424982
Түркия келіссөздерге террор ұйымының шақырылуына қарсы

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сириямен байланысты Женева келіссөздеріне ПЙД террор ұйымы шақырылған жағдайда Түркияның келіссөздерді бойкот ететінін білдірді.

Бір телеарнаның тікелей эфиріне сұхбат берген Сыртқы істер министрі Түркия мен Шығанақ аймағындағы басқа да елдердің ПЙД-нің Сирия оппозициясы құрамына қосылуына қарсы екенін білдірді.

Чавушоғлу «ПЙД Женевада қай түрімен үстелге отырады. ПЙД ДАИШ және Әл-нусра сияқты террор ұйымы болып табылады. Террор ұйымдарының келіссөздер де алар орны жоқ» деді.

ПЙД-нің Сирия оппозициясы құрамында орын алуына қарсы екенін атап көрсеткен министр Чавушоғлу Біріккен Ұлттар Ұйымы арнайы өкілі және басқа тұлғалардың ПЙД-мен келіссөз жүргізе алатынын мәлімдеді.

Басқа жағынан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Джон Керри және Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Филип Хэммондпен телефонмен әңгімелесті.

Әңгіме барысында Сириядағы соңғы жаңалықтар және БҰҰ Бас хатшысының Сирия арнайы өкілі Стефан де Мистура жариялаған 29 қаңтар күні Женевада БҰҰ бақылауында режим мен оппозиционерлер арасында басталуы жоспарланған келіссөздерге шақыру жайлы пікір алмасты.



Ұқсас жаңалықтар