Түркия үшін президенттік жүйе қажет

Ердоған журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

408145
Түркия үшін президенттік жүйе қажет

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа атазаң және президенттік жүйесінің референдумға апару жағында екенін айтты.
Ердоған Түрікменстан сапары қайтарында журналисттердің сұрақтарына жауап берді.
Президенттік жүйенің қажетті болғанын түсіндірген Ердоған «Президенттік, жартылай президенттік немесе партиялық президенттік жүйелерінде бір шешімге барамыз. Екіншісі қос басқаруды доғару өте маңызды» деді.
Ресеймен болған дағдарыс жөніндегі сұраққа Президент Ердоған «Ресеймен стратегиялық ортақтық қарым-қатынастарымызды жалғастырғымыз келеді. Дағдарысқа орай бермей дипломатиялық жолдар арқылы осы кірбеңдікті шешуге болады» деген жауап берді.
Президент Ердоған Ирактағы әскери алмасудан кейін болған оқиғаларды түсіндірді.
Президент «Сыртқы істер министр және ұлттық барлау ұйымы кездесулерін жалғастыруда. Біздің жағдай басқаша, өйткені ол жерде Түркияның орны басқа ешқандай елге ұқсамайды.Біз ДАИШ-тің және басқа террор ұйымдарының қаупі астындамыз» деген сөздер қолданды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар