Сыртқы істер министрі Пәкістанда

Мевлүт Чавушоғлу Наваз Шарифпен кездесті.

404949
Сыртқы істер министрі Пәкістанда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Исламабадта премьер-министр Наваз Шарифпен кездесті.


Түрік сыртқы істер министрі «Азияның жүрегі Ауғанстан-Стамбул үдеріс» жиналысына қатысу мақсатымен Пәкістанда.


Кездесуде екі жақты қатынастардың жетілдірілуі және Сириядағы соңғы жағдайы сынды аймақтық тақырыптар қолға алынды.


Түркияның Сириядан келген босқындар мәселесі де күн тәртібіне келді.


Пәкістанда өтіп жатқан «Азияның жүрегі Ауғанстан-Стамбул үдерісі» конференциясы аймақтық ынтымақтастық және ұйымшылдықты нығайтуды мақсат етеді.


Конференцияға Түркиямен қоса аймақтың 13 елі қатысуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар