Чавушоғлу мен Лавров Бельградта кездеседі

Кездесу Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы жиналысы кезінде жүзеге асады.

398852
Чавушоғлу мен Лавров Бельградта кездеседі

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу бүгін Сербияның астанасы Белградта Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бас қосады.
Чавушоғлу-Лавров кездесуі 16:30-да басталады.
Екі министр Сербияның бас қаласы Белградта Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) 22-ші министрлер кеңесі жиналысына қатысады.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше Брюсельде ТРТ-ге жасаған мәлімдемеде Ресеймен дағдарыстың келіссөз жолымен шешіле алатынын айтты.
Чавушоғлу «Әр елмен мәселелер болуы мүмкін дегенмен маңыздысы бұларды шынайы түрде шеше білу және шешім табу. Ресеймен де бұл мәселені сөйлесіп, шеше аламыз» деді.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров болса Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігіндегі байланыстары кезінде баспасөзге мәлімдемесінде Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлунан кездесу сұранысы келген жағдайда кері қайтармайтынын жариялаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар