Әділет және даму партиясы түсірген клиппен алғысын білдірді

1 қараша сайлауында жеңіске жеткен Әділет және даму партиясы жарнама клибімен сайлаушыларына алғысын білдірді.

362533
Әділет және даму партиясы түсірген клиппен алғысын білдірді

Әділет және даму партиясы 1 қараша сайлауында жеңіске жетуінің артынан жаңа клибімен сайлаушыларына алғысын білдірді.
Жаңа клибінде 2011 жылғы сайлауда шырқалған «Тағы бір рет!» (Haydi Bir daha) әні қолданылды.
Клиптің соңында премьер-министр Ахмет Давутоғлу «Рахмет Түркия» (Teşekkürler Türkiye) деп халыққа үн қатады.
Аталмыш ән 2011 жылғы сайлауда Әділет және даму партиясының сайлау акциясы әні болатын.
1 қараша сайлауында жеңіске жеткен Әділет және даму партиясы бұл ән орын алған клиппен сайлаушысына ностальгиялық түрде алғысын білдірді.
Премьер-министр твиттер арқылы мәлімдемесінің соңында осы клиппен бөлісті.
Премьер-министр жолдамасында «Көңілдеріміз бір, дұғаларымыз бір... 1 қараша Демократия жеңісі үшін рахмет Түркия» деп жазды.
Клип премьер-министрдің «Рахмет Түркия» деген сөзімен аяқталады.
Премьер-министрдің твиттер парақшасындағы бұл жолдамасын көптеген азаматтың назарын аударды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар