Премьер-министр Ахмет Давутоғлу әлем басшыларына үн қатты

Давутоғлу АҚШ президенті Барак Обаманың қонағы ретінде «Терроризммен күрес» саммитіне қатысты.

347989
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу әлем басшыларына үн қатты

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу БҰҰ 70-ші кезең жиналыстары ұйымдастырылған Нью-Йорктағы байланыстарының 5-ші күнінде АҚШ президенті Барак Обаманың арнайы қонағы ретінде «Терроризммен күрес» саммитінде әлем басшыларына үн қатты.
Премьер-министр Давутоғлу қақтығысқа айналған күрес тақырыбында ең мықты шешімнің бейбітшілік, тұрақтылық және әділет екенін атап «Біздер уәделерімізді орындауымыз керек.Мұны жасаған кезде құндылықтарымыздан ажырамауға тиістіміз» деді.
Терроризмді қаржыландыру мәселесі жайлы күрестің жалғастырылу керектігін атап көрсеткен Давутоғлу «ДАИШ немесе Әл-Нусра бәрібір тек қана шетелдік сарбаздардың қатысуымен болмыстарын жалғастырмайды. Адамдардың қауіпсіздігінің болмауы, елді-мекендерінен кетуге мәжбүрленуі, шетел дұшпандығы, Ислам дұшпандығы, этникалық мәселелер және тағы басқалар радикал ағымдардың азығы» деді.
АҚШ президенті Барак Обама болса ДАИШ-пен күресте Түркияның роліне назар аударды.
Түркияның қолдауымен Сирияда ДАИШ-ке қарсы әуе операцияларының тығыздалғанын атап көрсеткен Обама ДАИШ-тің шекарамен байланысын үзгендерін және шетел сарбаздарының кірісін тоқтатқандарын білдірді.
Обама ДАИШ-ті жеңу үшін Сирия басшысы Асадтың биліктен кету керектігін атап, террор ұйымын жою үшін әскери, экономикалық және ақпараттық барлық мүмкіншіліктерді іс қосуға уәде де берді.
Саммитке Ирак премьер-министр Хайдар әл-Ибади және коалиция күштерін құраған мемлекеттердің сыртқы істер министрлері де қатысты.
Ибади баяндамасында ДАИШ-ке қарсы күресте одан көп қолдау сұрады.
Франция, Италия, Германия және Австралия Сыртқы істер министрлері де ДАИШ-пен күресте өздері берген қолдауды жалғастыратындарын жеткізді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар