Премьер-министр Штаймайер мен Ассельборнды қабылдады

Кездесуде Еуропадағы мигрант мәселесі мен Еуроодақ кезеңі қолға алынды.

389945
Премьер-министр Штаймайер мен Ассельборнды қабылдады

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Германия Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штаймайер мен Люксембург Сыртқы істер министрі Жан Ассельборнды қабылдады.
Премьер-министрлік ресми ғимаратындағы кездесулердің алғашқысы Германия Сыртқы істер министрімен жүзеге асты.
Премьер-министрлік ақпарат көздеріне қарағанда шамамен 1 сағатқа жалғасқан кездесуде премьер-министр Давутоғлу Германияның соңғы кездері сириялық босқындар дағдарысына бағытталған болымды ұстанымын Түркия ретінде ризашылықпен қарсы алғандарын атап көрсетті.
Премьер-министр Давутоғлу босқындар тақырыбында Түркияның Еуроодақпен байланыстары мен ынтымақтастығының жалғасқанын білдірді.
Штайнмайер болса Түркияның Сирия дағдарысы басталған күннен бері айтып келгенін дегенмен Түркияның талпыныстарының енді байқалғанын және атқарылған жұмыстардың мақтан тұтарлық екенін атап көрсетті.
Кездесуде сондай-ақ басқа аймақтық тақырыптармен байланысты да пікір алмасылғаны білдірілді.Давутоғлу кейін болса Еуроодақ кезекті төрағалық міндетін атқарған Люксембург Сыртқы істер министрі Жан Ассельборнмен басқосты.
Кездесуде Давутоғлу сириялық босқындар дағдарысының тек қана аймақ емес, Жерорта теңізі мен Еуропаға да қатысты екенін жеткізді.
Премьер-министр ауқымы ұлғаятын бұл мәселені бәрібір шыққан жерінен шешу қажет еткеніне назар аударды.
Кездесуде сондай-ақ Түркияның Еуроодақ кезеңі де қолға алынып, Ассельборнның Люксембургтің Түркияның Еуроодақ мүшелігіне қолдау бергенін қайталады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар