Президент Ердоған террор шабуылын қатаң түрде айыптады

Президент Ердоған Дағлыжадағы опасыз шабуылға байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

375703
Президент Ердоған террор шабуылын қатаң түрде айыптады

Президент Ердоған Дағлыжа шабуылымен байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.
Ердоған мәлімдемесінде Хаккаридің Юксекова ауданына қарасты Дағлыжа аймағында әскерлердің шәйіт болуы және жаралануына себеп болған опасыз шабуылды қатаң түрде айыптады.
Бөлшектеуші террор ұйымының қасақана шабуылында шәйіт болған қауіпсіздік күштерінің қайғысын ұлттың жүрегінде сезгенін атап айтқан Ердоған «Ұлтымыздың бірлік пен ынтымақтастығына, бауырластыққа және келешегімізге жауыздық жасағандар ешқашан мақсатына жете алмайды» деді.
Президент мәлімдемесінде «Еліміздің тыныштық, қауіпсіздік және тұрақтылығын бұзуды нысанаға алған мұндай шабуылдарға қарсы ұлтымыздың бірлік пен ынтымақтастықты сақтап, табанды ұстаным ортаға қоятынына кәміл сенемін. Дағлыжадағы опасыз шабуылды тағы бір рет қатаң түрде айыптап, шәйіттерімізге Алладан рақымшылық, жанұяларға, ұлтымызға және Түрік қарулы күштерімізге көңіл айтамын. Жаралы әскерлерімізге де шипа тілеймін» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар