Террор ұйымына қарсы наразылық шерулері артты

ПКК террор ұйымына қарсы шығыс аймақтардағы халықтың наразылығы күн өткен сайын артуда.

342988
Террор ұйымына қарсы наразылық шерулері артты

Мардин мен Шырнактың артынан Шанлыурфада да азаматтар соңғы күндері артып отырған ПКК террор ұйымының шабуылдарына наразылық көрсетті.
Акчакале ынтымақтастық платформасы ұйымдастырған «террорды айыптау» шеруіне көптеген азамат қатысты.
Қолдарында түрік байрақтарын ұстаған азаматтар Истасийон даңғылында жиналды.
Алдымен шәйіттер үшін дұға оқылды.
Шеруге жиналған қалың жұрт «Әскерге көтерілген қолдар сынсын», «Шәйіттер өлмейді, отан бөлінбейді» деп ұрандар тастады.
Ереуілшілер бүкіл қаланы аралап, террор шабуылдарын айыптады.
Соңғы күндері террор ұйымы ПКК-ның денсаулық сақтау қызметкерлеріне бағытталған шабуылдары болса Диярбакырда протест етілді.
Дәрігер Абдуллах Биролдың ПКК террор ұйымы тарапынан өлтірілуі денсаулық сақтау қызметкерлеріне қатты әсер етті.
Диярбакырда басқосқан дәрігер мен медбикелер ортақ баспасөз мәлімдемесі жариялап, террорды қатаң түрде айыптады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар