Үкімет құру ізденістері жалғасуда

Давутоғлу Ұлтшыл қозғалыс партиясы басшысымен кездеседі.

326424
Үкімет құру ізденістері жалғасуда

Әділет және даму партиясы жетекшісі және премьер-министр Ахмет Давутоғлу Республика халық партиясымен жүргізілген келіссөздің сәтсіз аяқталғанын айтты.
Давутоғлу Республика халық партиясы басшысы Кемал Кылычдароғлумен үкімет құру аясында бүгінгі үшінші кездесуден кейін баспасөз алдына шығып, мәлімдеме жасады.
Премьер-министр принциптерге сүйенетін, ашық келіссөздің аяқталғанын білдірді.
Давутоғлу РХП-ге «мерзімді реформа үкіметін» ұсынғанын білдіріп, «арамызда сыртқы саясат және білім беру саласы сынды салаларда көзқарас айырмашылығы бар» деді.
Премьер-министр «Жалғыз шара ретінде халыққа қайта жүгіну қалды деп айтуға болады» деді.
РХП жетекшісі Кемал Кылычдароғлу болса «Бізге коалиция ұсынысы емес, қысқа мерзімді сайлауүкіметі немесе азшыл үкіметіне қолдау көрсету ұсынысы берілді» деді.
Ұлтшыл қозғалыс партиясы басшысы Девлет Бахчели де партиясының басқарушы өкілдерімен бас қосты.
Премьер-министрі Ахмет Давутоғлу да Ұлтшыл қозғалыс партиясы басшысы Бахчелиге кездесу ұсынды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар