Министрлер кеңесі кеше террор тақырыбымен жиналды

Министрлер Кеңесінің кешегі жиналысында негізгі күн тәртіпті соңғы кездегі террор шабуылдары құрады.

346837
Министрлер кеңесі кеше террор тақырыбымен жиналды

Премьер-министр орынбасары және үкімет мәлімдемешісі Бүлент Арынч, премьер-министрліктің Чанкая сарайында премьер-министр Ахмет Давутоғлу басшылығында өткен Министрлер жиналысының артынан мәлімдеме жасады.
«Министрлер кеңесі жиналысымыздың күдіксіз негізгі күн тәртібін бірнеше күннің ішінде куә болғанымыз қайғылы оқиғалар құрады» деген Арынч шекарада интеграциялық бір шекара қауіпсіздік жүйесінің құрылатынын атап көрсетті.
Арынч Шанлыурфада 2 полиция қызметкері шәйіт болған шабуылды террор ұйымы ПКК ма, әлде оған қарасты топтар ма жасағанын зерттегендерін атап, «осыны жасағандар бізден қарсылығын көреді» деді.
Террордың жойылуы үшін жүргізілген шешім кезеңінде уәдесін орындамаған тараптың Халықтардың демократия партиясы екеніне назар аударған Арынч кезеңнің жалғасуы үшін Халықтардың демократия партиясының қару тастау шақыруы тастау керектігін білдірді.
Арынч террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы онша күрес жүргізілмегені жайлы сындарға халықаралық коалицияға берілген қолдау мен жасалған операциялармен жауап қайтарды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар