«PYD тақырыбында қателік қайталанып жатыр»
Президент Ердоған Әлем босқындар күніне орай Мардиндегі босқындар лагерінде ауызашарға қатысты.
Президент Режеп Тайып Ердоған Әлем босқындар күніне орай сириялық босқындарды жалғыз қалдырмай, Мардиннің Мидят ауданындағы лагерді аралады.
Лагерді аралаған БҰҰ Жоғары Комиссары Антонио Гутеррес пен БҰҰ ізгілік елшісі және танымал голливуд актрисасы Анджелина Джолиді де қабылдаған президент осындағы ауызашарға қатысты.
Ердоған Гутеррес те қатысқан ауызашар бағдарламасында жасаған баяндамада аймақтағы соңғы жағдайды бағаландырды, этникалық және діни қауымдық жәбірлеулерге назар аударды.
Босқындарға рамазан айының жанұялары мен туысқандарына қауышуға жағдай жасауын тілеген Ердоған «Бұл рамазан айының үйлеріңізден алыста өткізген соңғы рамазан болуын Алладан тілеймін» деді.
Президент Ердоған Сирия мен ДАИШ тақырыбында жіберілген қателіктердің енді PKK террор ұйымының Сириядағы тармағы "Демократ бірлік партиясы" (PYD) жайлы жасалғанын атап «Мәжбүрлеумен аймаққа тыныштық орнауы мүмкін емес. Этникалық және діни қауымдық жәбірлеулер одан көп қан төгіске жол ашады» деді.
Батыстың босқындарға қарсы ұстанымын да сынға алған Ердоған «Ешбір бейшараны залымның табанына қалдырмаймыз. Тек қана өз халқының тыныштығын себеп ретінде көрсетіп, жәрдем қолын созбау біздіңше адамзаттық қылмысқа жатады» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
Ердоған Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.