Чавушоғлұ Ислам ынтымақтастық ұйымы жиналысына қатысты

Чавушоғлұ «Аракандық мұсылмандарға Түркия жәрдем беруге дайын» деді.

296043
Чавушоғлұ Ислам ынтымақтастық ұйымы жиналысына қатысты

Ислам ынтымақтастық ұйымының 42-ші сыртқы істер министрлері жиналысы Кувейтте өтті.
Бұл жиналысқа Түркия атынан Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ қатысты. Жиналыста дағдарыс аймақтары үшін шешім жолдары, террормен күресу, Исламофобия және келімсектер мәселелері сынды тақырыптар талқыға салынды.
Жиналыс аясында екі жақты кездесу өткізген Чавушоғлұ Аракандық мұсылмандар жөнінде Түркияның әртүрлі жәрдем беруге дайын екенін айтты.
Аракандық мұсылмандардың жерлерінің қорғалуы тақырыбында Түркияның тәжірибесі болғанын білдірген Чавушоғлұ «Оларға ақшалай және рухани жәрдем беретінімізді айттық. Олар да риза болды» деді.
Сауд Арабиясы және Иран Сыртқы істер министрлерімен де бас қосқанын түсіндірген Чавушоғлұ осындай іс-шаралардың диалог үшін жақсы орай екенін атап өтті.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар