ИЫҰ Сыртқы істер министрлері Кувейтте жиналды

Ислам ынтымақтастық ұйымы жиналысына Түркияның атынан министр Чавушоғлу қатысты.

290578
ИЫҰ Сыртқы істер министрлері Кувейтте жиналды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) 42-ші Сыртқы істер министрлері жиналысы үшін барған Кувейтте ирандық әріптесі Жавад Зарифпен бас қосты.
Екі министрдің күн тәртібінде Сирия, Ирак және Йемендегі жаңалықтар бар болатын.
Кездесуде ИШИМ террор ұйымынан бастап, террормен күрес және йемендік мигранттарға жеткізілетін гуманитарлық жәрдемдер тақырыбы да қолға алынды.
Кездесуде екі елдің аймақтық мәселелерде одан көп ынтымақтастық жасау керектігі тақырыбында ортақ көзқарас ортаға қойылды.
Чавушоғлу байланыстары аясында қонақжайлық жасаған Кувейт премьер-министр орынбасары және сыртқы істер министрі Халид эл-Сабахпен де бас қосты.
Осы кездесуде де екі жақты және аймақтық ынтымақтастыққа қоса, Ислам ынтымақтастық ұйымы құрамында жүргізілетін жұмыстар қолға алынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар