Президент Ердоған Мурсидің өлім жазасына наразылық көрсетті

«Батыс елдері төңкерісшіл Сисиге әлі наразылық көрсете алмай отыр».

277651
Президент Ердоған Мурсидің өлім жазасына наразылық көрсетті

Президент Режеп Тайып Ердоған Мысырдың сайланған тұңғыш елбасы Мұхаммед Мурсиге өлім жазасы кесілуіне наразылық көрсетті.
«Мысыр бұрынғы режимге оралуда» деген Ердоған Стамбұлда айтқан сөзінде «Батыс елдері төңкерісшіл Сисиге әлі наразылық көрсете алмай отыр» деді.
Ердоған Мысырда халқының 52 пайыз дауысымен елбасы ретінде сайланған Мурсимен байланысты дарға асу шешімі қабылданғанын атап айтты. Батыс әлемінің өлім жазаларын жойып жатқанда Мысырдағы дарға асу жазаларын үнсіз тамашалағанын атап көрсетті.
Батыс әлемінің төңкерісшіл Сисимен бас қосып, ынтымақтасқанына назар аударған Ердоған осы жағдайға түрік халқының бағыт беретінін атап айтты.
Ердоған кейін әлеуметтік медиада да тақырыпқа қатысты көзқарастарын бөлісті.
Президент Еуроодақтан бастап, бүкіл әлем мемлекеттеріне түрік, ағылшын және Араб тілінде твиттермен үн қатты.
Ердоған әлеуметтік медиадағы жолдамасында «Мысырда Тахрир алаңында саяси биліктің ізінен жүрген мыңдаған адамға атылған әр оқ, бүкіл әлемдегі заңды саясатқа бағытталған. Егер бүгін Мурсиді дарға асуға рұқсат берілген болса, бұл сандыққа берілген өлім жазасы болып табылады. Еуроодақ әлем мемлекеттеріне үн қатамын. Кәне, сіздер де адамды өлтіруге тыйым салынған еді? Неге қарап отырсыздар? Неге үндемейсіңдер?» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар