Президент Режеп Тайып Ердоған Албанияда

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Албания сапары басталды.

272971
Президент Режеп Тайып Ердоған Албанияда

Ердоған Тиранда президенттік сарайда Албания президенті Буяр Нишани тарапынан ресми рәсіммен қарсы алынды.
Жеке және делегация аралық кездесулердің артынан екі басшы түскі уақытта ортақ баспасөз жиналысы өткізеді.
Албания премьер-министрі Эди Рамамен де бас қосатын президент Ердоған өзі үшін берілетін түскі қонақасыға қатысады.
Түркия Дін істері қоры тарапынан салынатын Тиран орталық мешітінің іргетасын қалау рәсіміне қатысатын президент ТИКА тарапынан жөндеуден өткізілетін Призе қорғаны мешітінің ашылу рәсіміне де қатысады.
Президент Ердоғанның ашылу рәсімінде аймақ халқына үн қатуы да күтіледі.
Түркия-Албания Ортақ іскер форумына қатысатын президент Ердоған кешкі уақытта елге оралады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар