Түркия-Катар Сыртқы істер министрлері жиналысы Анталияда өтті

Жиналыста екі ел арасындағы экономикалық және стратегиялық ынтымақтастық тақырыптары қолға алынды.

269064
Түркия-Катар Сыртқы істер министрлері жиналысы Анталияда өтті

Түркия мен Катар арасындағы Жоғары стратегиялық комитет сыртқы істер министрлері жиналысы Анталияда ұйымдастырылды.
Жиналыста негізгі тақырыпты Йемен дағдарысы құраса, екі ел Сыртқы істер министрлері аймақта төгілген қанды тоқтату және тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық шараларының жалғасатыны атап көрсетілді.
Катар Сыртқы істер министрі Халид ибн-Мұхаммед Ал Аттиях Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен бас қосты.
Кездесулерде екі ел арасындағы экономикалық және стратегиялық ынтымақтастық тақырыптары қолға алынды.
Мевлүт Чавушоғлу Түркияның аймақтық тақырыптарда Катармен ортақ көзқараста екендерін атап «Йемен, Сирия, Ирак, Ливиядағы жаңалықтар тақырыбында және осындағы қақтығыстардың террордың, қанның, көз жасының, зұлымдық жасаған режимдердің қысымдарын жою тақырыптарында ортақ көзқарасқа келдік» деді.
Екі министр Йемен тақырыбында қабылданған шешімдерге бағыныштылық болу керектігін білдірді.
Атысты тоқтатуды қамтыған бір келісімге қол қойылғанын атап көрсеткен Ал Аттиях «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде жарияланған бұл шешімді міндетті түрде іске асыру керек. Бұл гуманитарлық бір бастама. Дәрі-дәрмек және гуманитарлық жәрдемдердің мұқтаждарға жеткізілуі қажет» деді.
Мевлүт Чавушоғлу болса БҰҰ шешімдерін баршаның құрметтеп, бағыну керектігіне назар аударды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар