Әлем балалары Анкарада
Халықаралық балалар фестиваліне келген балаларды мемлекет басшылары қабылдады.
Дүниенің түкпір-түкпірінен келген балалар Анкарада табысты.
Балалар Президенттік сарайда президент Ердоғанмен кездесті.
Балалар сарайда өз өнерлерін көрсетті.
Президент Режеп Тайып Ердоған балаларға ТРТ тарапынан дайындалған «Көк бұлт» әнін сыйлады.
Президент Ердоған әлем басшыларына «Балаларды аяңдаңдар» деген үндеу жолдады. Балаларға да «Армандарыңнан бас тартпаңдар» деді.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Джемил Чичек те балалармен бас қосты.
Чичек: «Қаруға, қақтығысқа, соғысқа бөлінген ақша балалардың біліміне, денсаулығына бөлінгенде әлем басқаша болар еді» деді.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу да ТРТ Халықаралық балалар фестиваліне қатысқан балаларды қабылдады. 23 сәуір Халықаралық балалар фестивалінің қонақтары ТРТ бас директоры Шенол Гөкамен бірге Анытқабірге барды.
Биыл 37-шісі ұйымдастырылған ТРТ 23 сәуір Халықаралық балалар фестиваліне 35 елден шамамен мың бала келді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды
Президент Режеп Тайып Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды.
Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Брюссельде
Жиында министр Гүлер жиналыс залында АҚШ-тық әріптесі Ллойд Остинмен қысқаша сөйлесті.