Сыртқы істер министрі Моңғолияда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Орхон жазба ескерткіштері жайлы мағлұмат алды.

234317
Сыртқы істер министрі Моңғолияда

Ресми байланыстар аясында Моңғолияға барған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қарақұм аймағында 2008 жылы ТИКА салған және Орхон жазба ескерткіштері қорғауға алынған Хөшө Цайдам мұражайына барып лауазымдылардан мәлімет алды.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның премьер-министрлігі кезеңінде салынған асфальт жолмен ескерткіштерге жеткенін еске салған Чавушоғлу президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасымен ТИКА тарапынан салынған 46 шақырымдық Билге қаған көлік жолын қадағалады.
Түркияның ата-бабаларының мұрасына ие шыққанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Осында Орхон, Билге қаған және Күлтегін жазба ескерткіштеріне қараған кезде олардың бізге жол көрсеткенін байқаймыз» деді.
Тоныкөк жазба ескерткіштерінде мұражайға айналдыратындарын атап айтқан Чавушоғлу Орхон алқабындағы Қарақұм мұражайындағы бұрынғы түркі жәдігерлері жайлы мағлұмат алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар