Стамбулда Қызғалдақ фестивалі басталды

Фестиваль шамамен 3 миллион қызғалдақ отырғызылған Эмирган тоғайында басталды.

233703
Стамбулда Қызғалдақ фестивалі басталды

Стамбулда Қызғалдақ фестивалі басталды.


3 мамыр күніне дейін болатын 10-шы Қызғалдақ фестивалі шамамен 3 миллион қызғалдақ отырғызылған Эмирган тоғайында басталды.


Фестивальдің беташарына Стамбул қалалық муниципалитетінің төрағасы Кадир Топбаш қатысып, фестивальдің біріншісі өткен 2005 жылы 600 мың қызғалдақ егілгенін еске салды.
Топбаш биыл барлығы отандық 30 миллион қызғалдақ егілгенін айтты.


Фестиваль аясында Гүлхане саябағы, Йылдыз, Бейкоз, Чамлыджа, Фетхипаша және Хидив Чубуклу тоғайлары да қызғалдақтарға толды.


Сұлтанахмет алаңына болса қызғалдақ кілемі «төселеді». Алдымыздағы апта ашылатын қызғалдақ кілемі Гиннесс Рекордтар кітабына да үміткер.


Фестиваль аясында концерттер беріледі, Халықаралық әйел теннис және Университеттер арасы жағажай футболы турнирі өткізіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар