Вице-премьер Арынч Германиядағы кездесулерін жалғастыруда

Арынч Түркияның дамуының, нығаюының кейбір елдерге жақпайтынын білдірді.

224874
Вице-премьер Арынч Германиядағы кездесулерін жалғастыруда

Вице-премьер Бүлент Арынч Германиядағы кездесулерін жалғастыруда. 

Вице-премьер Арынч байланыстарының екінші күнінде Еуропалық Түрік демократттар одағының Кельн және Крефельд филиалдарының ашылу салтанатына қатысты. Артынан Версен қаласында Әділет және даму партиясы аймақтық сайлау комиссия орталығында сөз сөйледі. Осында Арынч терроризммен күреске тоқталды. Арынч террормен ешбір елдің жалғыз өзі күресе алмайтынын, алайда басқа елдердің осы тақырыптағы жауапкершіліктерін орындамай отырғанын айтты. 

Арынч Түркияның дамуының,  нығаюының кейбір елдерге жақпайтынын білдірді. 

Алда жақындап қалған жалпы халықтық сайлауға да тоқталған вице-премьер "сандыққа барыңдар" деп шақыру тастады. 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар