Вице-премьер Куртулмуш Тунисте мәлімдеме жасады

Вице-премьер Нуман Куртулмуш террормен күрес тақырыбына назар аударды.

287150
Вице-премьер Куртулмуш Тунисте мәлімдеме жасады

Вице-премьер Нуман Куртулмуш Бардо мұражайына жасалған террор шабуылына наразылық шеруіне қатысқан соң Түркияның Тунис өкілетті елшілігінде журналисттерге мәлімдеме жасады.
Әсіресе Араб көктемінің артынан Солтүстік Африка мемлекеттері мен Орташығыстың маңызды қауіптермен бетпе-бет қалғанын атап айтқан Нуман Куртулмуш ең үлкен қауіптердің бірінің де террор екенін атап айтты.
Куртулмуш «Қайдан шықса шықсын, кім қолдаса қолдасын террордың әр түріне қарсымыз» деді.
Куртулмуш «Ұзақ жылдардан бері жалғасқан террор шабуылдарынан бір нәрсе үйрендік. Үлкен күштердің стратегиялық, ақпараттық тіпті материалдық қолдау болмай ешбір террор ұйымының қозғалуы мүмкін емес» деді.
Әлемнің қай жерінде болмасын ешбір лаңкестік шабуылдың 3-5 адамның өзімен өзі бірігіп ұйымдастыратын бір әрекет емес екенін атап айтқан Куртулмуш «Террордың сондай-ақ көрінбеген бір тұсы бар. Бүкіл әлем ретінде террордың көрінбеген жүзіне қарсы жаппай күресуге мәжбүрміз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар