Чавушоғлұ Йемен жөнінде мәлімдеме жасады

Чавушоғлұ «Біз әртүрлі қолдау көрсетеміз» деді.

284230
Чавушоғлұ Йемен жөнінде мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Йемендегі операцияға байланысты «Шығанақ елдері бізден не күтеді. Талаптарын айтсын, отырып әңгімелесейік» деді.
Аймақтағы мәзхаб қақтығысы және саясаттарының бір басқа бейнесінің Йеменде байқалғанын білдірген Чавушоғлұ бұл жағдайдың тоқтатылуы керектігін атап өтті.
Министр «Бұл жерде нақтылы шешім саяси шешім болып табылады. Мәзхаб арасында қақтығыс жасаудың қажеті жоқ. Иран, Шығанақ және Араб елдерінің кикілжің болуының да керегі жоқ. Біз Түркия болып әртүрлі қолдау көрсетеміз» деді.
Чавушоғлұ Иранның Йемен туралы тұғырына да тоқталып, Тегеран әкімшілігіне мэзхабшы түрде жақындасудың дұрыс емес екенін әрқашан айтқанын баяндады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар