Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Вьетнамда

Чавушоғлу Вьетнам президенті Чыонг Тан Шанг тарапынан қабылданды.

270959
Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Вьетнамда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Азия-Тынық мұхит турының екінші аялдамасы Вьетнамда президент Чыонг Тан Шанг тарапынан қабылданды.
Президенттің сарайында жүзеге асқан қабылдау баспасөзге жабық өтті.
Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда президент Чыонг Тан Шанг Чавушоғлу арқылы президент Режеп Тайып Ердоғанды еліне шақырды.
Кездесуде Түркиямен экономикалық және сауда ынтымақтастығын жетілдірудің маңызына тоқталған Шанг нысаналарының 3 миллиард долларлық сауда көлеміне қол жеткізу екенін атап айтты.
Мәдени саладағы ынтымақтастық арттырылып, туризм саласын жетілдіру үшін шығысқа рейстердің арттырылу керектігін атап көрсеткен президент әр салада ынтымақтастық жасағылары келгенін қайталады.
Түркияның Азияға қатты көңіл бөлгенін атап көрсеткен Чавушоғлу болса президент Шангты Түркияға шақырды.
Министр Чавушоғлу президентпен кездесуінің артынан Вьетнамдағы байланыстарын аяқтады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар