Премьер-министр Давутоғлу Еуроодақ делегациясын қабылдады

Кездесуде шешім үжерісі мен Кипр мәселелері күн тәртібіне келді.

270239
Премьер-министр Давутоғлу Еуроодақ делегациясын қабылдады

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Еуропа Парламенті Сыртқы қатынастар комитеті төрағасы Элмар Брок пен қасындағы делегацияны қабылдады.
Қабылдауға премьер-министр орынбасары Ялчын Акдоған мен Еуроодақ министрі және бас келіссөз жүргізуші Волкан Бозкыр да қатысты.
Премьер-министр Давутоғлу делегацияға шешім үдерісінің соңғы жағдайы туралы мәлімет берді, террор ұйымы ПКК-ға қару тастау шақыруына қоса кезеңнің соңғы сатысының маңызы еске салынды. Премьер-министр кезеңнің Еуроодақпен келіссөздерге де болымды әсер ететінін атап көрсетті.
Кездесуде делегация Давутоғлуна «Кипр мәселесінің шешімі үшін түрік әскерін аралдан шегінуі тұңғыш қадам бола алады ма?» деп сұрады.
Аннан жобасын еске салған премьер-министр болса делегацияға «жоба кезінде қабылданғанда қазір осы тақырыпты сөйлеспейтін едік. Кипр түріктерінің Геттоларда қайта өмір сүруіне рұқсат етпейміз» деп жауап қайтарды.
Кездесуде Түркиядағы мигранттар тақырыбы да күн тәртібіне келді.
Еуроодақ парламенті Сыртқы қатынастар комитеті төрағасы Элмар Брок сириялық 2 миллион мигрантқа есіктерін ашқан Түркияға алғысын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар