Басшылар ұлттық әнұранның 94-ші жылдығына орай мәлімдеме жасады

Сөздерін Мехмет Акиф Эрсой жазған ұлттық әнұранның қабылдануына 94-ші жыл толды.

260485
Басшылар ұлттық әнұранның 94-ші жылдығына орай мәлімдеме жасады

1921 жылы Ұлттық білім беру министрлігі жариялаған конкурсқа қатысқан 724 өлең арасында алдында Эрсойдың өлеңі болмаған.
Бәйгеге ақшалай қаламақы берілгені үшін қатысқысы келмеген Эрсой сол кезеңнің Ұлттық білім беру министрі Хамдуллах Супхидің ықпалымен түрік армиясына арнап жазғаны осы өлеңін конкурсқа жіберді.
1921 жылы 12 наурыз күні болса Мехмет Акиф жазған өлең Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде аяқта қолшапалақтап ұлттық әнұран ретінде қабылданды.
Ұлттық әнұранның 94-ші жылдығына орай мемлекет басшылары жазбаша мәлімдеме жасады.
Президент Режеп Тайып Ердоған «Ұлттық әнұранымыз ұлт азаттық соғыстың ең қиын кездерінде ұлтымыздың көңіл күйін көтеріп батылдыққа баулыған, ұлтымыздың сағынышын, құндылықтарын және отан сүйіспеншілігін ең керемет түрде мазмұндаған батырлық дастаны болып табылады» деді.
Премьер-министр Давутоғлу болса ұлттық әнұранның тарихта теңдесі жоқ бір батырлық дастаны екенін атап көрсетті.
Давутоғлу «Қандай бір тарихтан осы күнге келгенімізді әсіресе жаңа ұрпақтың түсінуі үшін Акифтің өлеңдері мен пікірлерін толығымен ұғуымыз керек. Керісінше ұлт азаттық күрестің өзегін түсіне алмаймыз» деді.
Ұлттық әнұранның авторы Мехмет Акиф Эрсой әнұранның жылдығына орай Стамбұлдағы қабірі басында еске алынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар