Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Германияда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Берлинде азаматтық қоғам өкілдерімен басқосты.

248977
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Германияда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу шетелдік жауынгерлердің Сирияға өтуі мәселесінде Түркияның қажетті шараларды қабылдағанын, дегенмен Еуропа мемлекеттерінің де бірдей белсенділікті таныту керектігін атап айтты.
Чавушоғлу Германияның астанасы Берлиндегі байланыстары аясында Еуропалық түрік демократтар одағы Берлин аймақтық басқармасы ұйымдастырған іс-шарада түрік азаматтық қоғамдарының өкілдері және азаматтармен басқосты.
Кейбір мемлекеттерде шетелдік жауынгерлердің Түркия арқылы Сирияға өтуімен байланысты күдіктері бар екенін атап көрсеткен Чавушоғлу Түркияның 12 мың шетелдікке кіруге тыйым салынғанын, мың 100 адамның да ұсталып, еліне қайтарылғанын еске салды.
Чавушоғлу жіберілгендер арасында Франциядағы лаңкестік оқиғаларына қатысқандардың да бар екеніне назар аударды.
Ұлыбританиядан келіп, Сирияға өткен үш қызбен байланысты орынсыз сындар жасалғанын атап айтқан Чавушоғлу «Бұл адамдар қалай Түркияға жіберіледі? Тек қана Түркия шара қолдану керек пе? Ақпарат беріңіз біз тоқтатайық. Осы тақырыптарда біздің жүрегіміз тыныш, жауапкершілігімізді де орындаймыз. Тек қана ақпарат беріп отырса болғаны» деді.
Чавушоғлу Еуропадағы түріктердің 7 маусым күні сандыққа барудың маңызына тоқталып, барлық тақырыптарда жеңілдіктер жасалатынын білдірді.
Түркияның Берлин өкілетті және төтенше елшісі Хүсейин Авни Карслыоғлу да 1915 жылғы оқиғалармен байланысты Түркияға қарсы теріс көзқарас қалыптастырылғанын, Еуропадағы түрік қоғамының осы тақырыпқа көңіл бөліп, наразылық акциялары ұйымдастыру керектігін жеткізді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар