Ұлттық қорғаныс министрі Исмет Йылмаз Бағдатқа барды

Ұлттық қорғаныс министр Исмет Йылмаз Бағдаттағы ресми байланыстарын бастады.

247703
Ұлттық қорғаныс министрі Исмет Йылмаз Бағдатқа барды

Ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмаз ресми сапармен Ирактың астанасы Бағдатқа барды.
Қорғаныс министрі Исмет Йылмаз Бағдат халықаралық әуежайында Ирак Қорғаныс министрлігі бас хатшысы Ибрахим Лами Түркияның Бағдат өкілетті және төтенше елшісі Фарук Каймакчы және басқа да лауазымдылар тарапынан қарсы алынды.
Йылмаз алдымен Қорғаныс министрі Халит әл-Убейдимен басқосты.
Екі министрдің жеке кездесуі баспасөзге жабық өтті. Министрлердің жеке кездесуінің артынан делегация аралық жиналыс жүзеге асты.
Делегация аралық кездесуге Ирак Бас Штаб Басқармасы төрағасы Бабекир Зебари және Түркияның Бағдат өкілеттің елшісі Фарук Каймакчыға қоса кейбір лауазымдылар қатысты.
Ирак премьер-министр Хайдар әл-Ибади, Парламент төрағасы Селим әл-Жубури, Ішкі істер министрі Мұхаммед Салим әл-Габбан және басқа да лауазымдылармен басқосатын Йылмаз байланыстарының артынан Эрбил қаласына өтеді.
Министр Йылмаздың ертең Ирак күрд аймақтық әкімшілігі басшысы Месут Барзанимен кездесуі жоспарланады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар