Президент Ердоған Сауд Арабиясында Умра жасады

Президент Ердоған ресми байланыстар аясында барған Сауд Арабиясында Умра жасады.

242962
Президент Ердоған Сауд Арабиясында Умра жасады

Түнде Әл-Харам мешітіне кірген президент Ердоған және қасындағы делегация Қағбаны айналып, умра тавафы жасады. Артынан Мерве мен Сафа төбелері арасында умра ғибадатын орындады.
Президент Ердоған одан кейін умраны аяқтап, Әл-Харам мешітіннің қасындағы Сауд Арабиясы корольдігінің қонақ үйіне өтті.
Ердоған бүгін Мединедегі Әзірет Мұхаммед пайғамбардың қабірі орын алған Мәсжид-үн-Нәбиге баруды жоспарлауда.
Ердоған Мекке мен Мединедегі бағдарламаларының артынан Эр-Риядқа өтіп, Сауд Арабиясы королі Селман ибн-Абдулазиз ал-Суудпен басқосады.
Кездесуде екі ел арасындағы сауда және экономикалық ынтымақтастыққа қоса аймақтық тақырыптар қолға алынады.
Президент Ердоғанның делегациясында премьер-министрлер Ялчын Акдоған мен Нуман Куртулмушқа қоса, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу және Экономика министрі Нихат Зейбекчи де орын алады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар